Туған жердің туы болған «Ken Jyloi»

Аудандық «Кең Жылой» газеті өзінің шыға бастағанына 90 жыл толу мерейлі тойын атап өтті. Басылыммен аттас аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты кештің атауы «Туған жердің туы болған «Кең Жылой» деп аталды. Оған Атырау аймағы мен өңір журналистикасының ардагерлері, тілшілер, сала мамандары, медиахолдинг, аудан басшылары, депутаттар, жалпы газет жанашырлары мен оқырмандары, штаттан тыс тілшілер қатысты.

Мерекелік шара мәдениет үйінің фойесіндегі аудандық м у з е й д і ң д а й ы н д а ғ а н к ө р м е с і м е н б а с т а л д ы . Онда газетте әр жылдары ж ұ м ы с ж а с а ғ а н а р д а г е р - журналистердің қызмет бабында қолданған диктофон, блокнот, қызметтік куәлік, қаламсап, жазу машинкасы, фотоаппарат секілді заттары мен жеке дүние-мүліктері және де «Ембінің» фототілшісі Бисенбай Бигелдиевтің сонау 70-жылдардың бел ортасынан бастап фотообъективіне іліккен төл басылымның тарихынан сыр шертетін е скі а р х и вт і к ж ә н е т ә уе л с і зд і к жылдарында «Кең Жылой» тілшілері түсірген суреттері фотокөрме ретінде қойылды. Оны тамашалаған «Атырау- А қ п а р а т » ж ау а п к е р ш і л і г і шектеулі серіктестігінің бас директоры Жасын Біркенов п е н о р ы н б а с а р ы И с а тай Балмағанбетовке, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ә н уа р Ш ә к і р о в ке к ө рм е н і музей қызметкерлері таныстырды. Көрмені қызықтаған а р д а г е р - ж у р н а л и с т е р м е н жалпы оқырман қауым да өткен күндердің сағынышқа толы сарғайған парақтарын ақтарып, өмірден өткен журналистерді бір сәт еске алысты.

«Туған жердің туы болған « Ке ң Ж ы л о й » ат т ы с а л т анатты кеш 90 жасқа толған төл басылымның қос ғасырлық та- рихынан сыр шертетін деректі бейнефильмді тамашалаудан ба- сталды. Алғаш сөз кезегін алған аудан әкімінің уақытша міндетін ат қ а ру ш ы Ә н у а р Ш ә к і р о в ауд а н а й н а с ы н а а й н а л ғ а н апталықтың шығармашылық ұжымын мерейлі мерекемен ш ы н ж ү р е кт е н қ ұ т т ы қ т ап , жүрекжарды жылы лебізін білдірді. Және де аудан журналистикасында еңбек етіп жүрген бір топ сала мамандарын аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Барша депутат корпусы атынан құттықтау с ө з с ө й л е г е н а у д а н д ы қ мәслихаттың төрағасы Қанат Мыңбаев та тоқсан жыл талмай өңірдің өзекті мәселесін к ө т е р і п , т ы н ы с - т і р ш і л і г і н тынбай жазып келе жатқан т ө л б а с ы л ы м н ы ң а қ п а р ат саласындағы айрықша табыстарын атап өтті. Өңірдің осы саладағы бір топ қаламгері м е н а р д а г е р і н е ауд а н д ы қ мәслихаттың Алғыс хатын табыстап, еңбектеріне жеміс тіледі.

Жылыойлық журналистерді а л д а б ұ д а н д а з о р м а р апаттар күтіп тұр еді. Оның алғашқысын «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің бас директоры Жасын Ерсінұлы тарту етті. Ол аудандағы әріптестерін шын жүректен құттықтап қана қойған жоқ, осы саланың дамуына талмай қызмет атқарып, з о р е ң б е к с і ң і р г е н Қ а л е н Кідібасов, Қонаш Қалдыоразов, Нұрдәулет Ақназаров, Бөкенбай Қ ұ м а р ғ а л и е в , Ж ұ м а қ ы з Нұржанова, Сәулеш Шәтенова сынды ардагерлермен қатар, ,Ербол Қошақанов, Перизат Қизатова, Жанат Молдашева, Салтанат Жакупова тәрізді кәнігі журналистерді, р е д а к ц и я н ы ң ө з г е д е қызметкерлерін «Кең Жылой» газетіне – 90 жыл» мерекелік медалімен наградтады. Сон ы м е н б і р г е , Ж ұ м а б и к е Шаңқанова, Айнұр Маханбетовадай тілшілік тіршіліктің толқынымен «айқасқан» жас журналистер мен басылымға демеушілік танытып, редакциямен тығыз қарым-қатынас орнатқан Мағауия Мерғалиев, М е й р а м б а й Б а з а р б а е в , Ғибатолла Шанаев сынды ме- кеме басшыларын «Атырау- Ақпарат» медиахолдингінің Алғысхатымен марапаттауды да ұмытпады.

Ө н д і р і с т і ө ң і р д і ң т ө л басылымының торқалы тойынан Қазақстан Журналистер одағы Атырау филиалының төрайымы Алма Қалусариева да тыс қала алмады. Ол Марж а н Ы б ы р а е в а , Г ү л ж а н ат Бектілеуова, Шаттық Хамитова сынды бұрын осы газетте жұмыс жасаған және қазір де қызмет атқарып жүрген журналистерді одақтың Алғыс хатымен марапаттады. А.Қалусариеваның б а с т ы с ы й - с и я п а т ы – «Қазақ журналистикасының қайраткері» медалі еді. Бұл награда «Кең Жылой» газетінде 21 бойына бас редакторлық қызмет атқарған Сәулеш Шәтеноваға және аудан журналистикасының дамуына айтарлықтай зор үлес қосқан Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Бүркіт Базарбаевқа салтанатты жағдайда табысталды.

Облыс пен аудандардағы барша газет редакцияларының атынан сөз сөйлеген Қызылқоға аудандық «Қызылқоға» газетінің бас редакторы Бауыржан Сисенов жылыойлық әріптестерін 90 жылдық торқалы тойымен құттықтап, шығармашылық шалқар шабыт, еңбектеріне жеміс тіледі.

Әрине, той ән-жыр шашуынсыз болмайтыны белгілі. Өңірге танымал айтыскер ақын Ерболат Ізден 90-ға толған абыз ақсақалдай болған «Кең Жылойға» арнау өлеңін оқыса, әншілер Жайна Нұрханова, Назгүл Өтепбергенова, Ду м а н Б а й ғ а л и л е р Т ө л е г е н Мұхамеджановтың «Аққу арман», Ұшқын Жамалбековтың « Х а л қ ы м - а й » , « Ғ а ш ы ғ ы м » әндерін тамылжыта шырқап, « Же м а р у ы » , « Б и - б и » б и ансамблі «Шеберлер», «Заманауи» билерін мың бұралтты.

9 0 ж ы л д ы қ с а л т а н а т т ы ш а р а ауд а н д ы қ м ә д е н и е т үйінің алдында ашық аспан астындағы «COVER SHOW» жастар кешіне ұласты. Онда сөз алған «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің бас директоры Жасын Біркенов «Кең Жылой» газетінің 90 жылдық мерейтойына ән-жырмен шашу шашқан барша құлсарылық қыз-жігітке ризашылық сезімін білдірді.

Ербол БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT