№1 жалпы орта білім беретін мектепте қазақ халқының көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – ақынның қаламында» атты танымдық шара болып өтті.
Іс-шара барысында оқушылар М.Дулатовтың өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен танысып, оның қазақ халқының азаттығы жолындағы күресі мен ағартушылық қызметінің маңызы туралы терең мағлұмат алды.
Оқушылар Міржақып Дулатовтың ұлт руханиятының іргетасын қалаған, ел болашағы үшін күрескен тұлға екендігін терең таныды. Шараға қатысқан жасөспірімдердің ұлт зиялыларына деген құрметі одан бетер артты. М.Дулатов - халық ісіне бар болмысымен беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салды. «Қызылдың қызылкөз жендеті» деп жала жабылып, ату жазасына кесілді. Жазықсыздан атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы оның есімін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты. Шарада оқушылар Міржақыптың шығармаларымен танысып, «Оян, Қазақ», «Шын сорлы», «Алаш ұраны», «Жастарға», «Алашқа», «Жас қазақтар, қайдасыңдар?», «Туған халқым» деген өлең жолдарын жатқа оқып берді. Әрі қарай Тәуелсіздік мерекесіне орай ән шырқап, күй орындап, жыр оқыды.
Зеріп Нұрхасанова,
№1 жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі



