Туған жерге тағзым

Өткен аптада қаламыздағы орталық алаңда «Мұнайлы мекен – Кең Жылыой» тақырыбында Қосшағыл ауылдық округінің мәдени фестивалі өткізілді.

Аталған шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Жылыой ауданының 90 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Фестивальдің мақсаты - ауылдық округтің экономикасы, мәдениеті, халықтың әлеуметтік жағдайының жаңаруын насихаттау. Халықтың ұлттық өнерін, жетістігін, барлық жанр түрлерін қамти отырып көрсету, ұлттық өнер түрлерін, халық шығармашылығын дамыту. Бүгінгі ауыл ахуалын, оның инфрақұрылымы мен даму, жетілу мүмкіндіктерін насихаттау, жергілікті тұрғындардың мәдени демалысын жақсарту. Жас ұрпақтың халықтық өнерге деген құрметі мен қызығушылығын арттыру және дарынды жастарды іздестіру. Фестивальдің ережесі бойынша Қосшағыл ауылдық округі жетістіктері, табыс көрсеткіштері, ауыл жаңалықтарынан фотокөрмелер, стенділер дайындалып, қолөнер бұйымдары, зергерлік бұйымдар, ісмерлік бұйымдарынан көрме жасақталды. Ауылдық округтегі шаруа қожалықтары өз өнімдерін жәрмеңкеге сатылымға қойды. Фестиваль «Мәңгілік ел – мәңгілік тарих» атты көрініспен ашылды. Әжелер ансамблінің «Сәулем-ай», «Беу, айдай» әндерін Қуаныш Бекенов ағай баянмен сүйемелдеп, кештің көркін кіргізді. Қосшағыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Алтынгүл Бозданова, ауылдың бүгінгі әлеуметтік жетістіктері туралы баяндама жасады. Қосшағыл ауылының Ардагерлер алқасының төрағасы Жексен Имашев «Сағындым Қосшағылды» әнін орындап, көпшілікті тәнті етті. Сонымен қатар Сайлау Мейірханова, Қалдыгүл Жұманова, Жанерке Досанова, Фарида Рамазанова, Ізден Нұрасыл, Әлішер Рафхатов және «Еркеназ» бен «Жұлдыз-ай» бишілер тобы өнер көрсетті.

Айнагүл ГАФУРИНА, «Қосшағыл» мәдениет үйінің әдіскері.

Суретті түсірген: А.ДОЛЫБЕКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521