Туған жердің тұнған шежіресі

ken-zhyloi.kz

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Наурыз мерекесін тойлау 10 күнге жоспарланды. Осыған сәйкес, іс-шаралар игілікті бастамаларды жан-жақты қамти отырып Ұлыстың ұлы күніне дейін жалғаспақшы. 16 наурызда туған жердің тарихынан сыр шертетін, танымдық шара Шежіре күні болып өтті.

Білім беру саласының ардагері Н.Төлеуов, мәдениет саласының ардагері Н.Ақназаров, ақын-қаламгер Л.Сисекенұлы және мәдениет саласының ардагері Қ.Бекенов қатысты. Ауданның ақсақалдары жастарға өлкеміздің бай тарихы туралы ақпараттар айтып, аудан шежіресін кеңінен насихаттады.

Аталған шараға Қазақстан Халық Ассамблеясының облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н. Ермұханов, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылымдарымен жұмыс және этносаралық ахуалды талдау бөлімінің басшысы Г.Жармұқанбетова, Мақат аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ш.Ишанғалиев қатысты.

Наурыздың 14-інен басталатын Көрісу мейрамының жергілікті халық үшін орны ерекше. Осы орайда Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов, аудан әкімінің орынбасары Ә.Шәкіров, Атырау облыстық Қоғамдық келісім төрағасы Н.Ермұқанов Жылыой ауданының тұрғыны, Жылыой ауданының Құрметті азаматы Абдолла ақсақалдың үйіне арнайы барып көрісіп, ақсақалдың ақ батасын алды.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз