banner_damu

ЦОЙ: Елде ауру жұқтыру 35 пайызға азайды

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты. 

"Қазақстанда кейінгі екі аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 35 пайызға азайды. Ал кейінгі аптада Қазақстанда ауру деңгейі 14 пайызға төмендеген: аптасына 31 мыңнан 25 мыңға дейін. ДДСҰ бағалауы бойынша, республикада репродуктив сан кейінгі төрт аптада 1-ден төмен, яғни пандемия бақылауда, сырқаттанудың тұрақты төмендеуі байқалады. 

Оң динамика эпидахуал матрицасына да әсер етті: кейінгі екі аптада 5 аймақ "қызылдан" "сары" аймаққа өтті. Ол: ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, БҚО және СҚО. "Жасыл" аймақта - Түркістан облысы. Қалған 11 өңір "қызыл" аймақта", - деді Цой Үкімет отырысында. 

Еске салайық, Қазақстанда, 14 қыркүйектегі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 845 388-ге жетті. Оның ішінде, 766 435 адам аурудан айықса, 10 427 адам қайтыс болды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика