ТШО компаниясы іріктеу өткізді

Онда құбырмонтаждаушы, дәнекерлеуші, бақылау-өлшеу құралдарының автоматикасы және тағы да басқа мамандықтар бар.

"Теңізшевройл" ЖШС-нің ұйымдастырумен "West Way Service" ЖШС оқу орталығы және "APEC PETROTECHNIC жоғарғы колледж" ЖШС оқу орталығымен ауданда жұмыссыздар арасында қажетті мамандықтарға іріктеу өткізілді. Онда аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров аудан жұмыссыздарының білікті маман иесі болуына атсалысып отырған "Теңізшевройл" ЖШС-на алғыс айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

tco32

Іріктеу қазіргі таңда сұранысқа ие 8 мамандық бойынша жүргізіліп, оған 59 жұмыссыз қатысты. Атап айтсақ, онда құбырмонтаждаушы, дәнекерлеуші, бақылау-өлшеу құралдарының автоматикасы және тағы да басқа мамандықтар бар. Іріктеуден сәтті өткен жұмыссыздар Атырау қаласында 3 ай оқитын болады. Оқу ақысы, жатақханасы, 3 мезгіл тамақтану тегін. Келесі өтетін іріктеу туралы толық ақпаратты Жұмыспен қамту орталығынан білуге болады.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521