ТШО-ға қандай шағымыңыз бар? – Бізге жазыңыз!

Алып кен орнының іргесінде тұрып жатқан Жылыой ауданының тұрғындары Теңіздің игілігін көріп жүр: «Теңізшевройл» компаниясының қаржысына Құлсары қаласында 3000 орындық орталық стадион, мектептер мен балабақшалар, мұнай-газ колледжінің ғимараты салынды, автобустар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған таксилер сатып алынды, иппотерапия курстары сияқты көптеген әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар биыл орталық аудандық аурухананың ғимаратын тапсыруды, алты жедел жәрдем көлігін және бірнеше арнайы техниканы беруді жоспарлап отыр. Бұл компания атқарып жатқан жұмыстың бір бөлігі ғана.

Өткен жылдан бері Жылыой ауданынының тұрғындары ТШО-ның жиындары мен кездесулеріне белсенді түрде қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жүр. Сұрақтар жиналыс тақырыбына сәйкес келмейтін және ұйымдастырушылар тарапынан да, жиналыстың басқа қатысушылары тарапынан да көп уақытты алатын кездер болады. Біздің редакция ТШО-ның келесі жиналысын күтпей-ақ, компанияға сұрақ қойып, жауабыңызды қалай алуға болатынын анықтауды жөн көрді.

Осыған дейін сұрақтарыңызды редакциямызға да, Құлсары қаласындағы «Шаңырақ» қонақүйіндегі ТШО кеңсесіне де жолдауға болатынын жазған едік. Кері байланыс тәртібі компанияда бұрыннан бар. Біз сізге ТШО-ға қалай хабарласуға болатынын еске салуды жөн көрдік.

Бірінші жолы – «Кең Жылыой» газетінің редакциясына сауалыңызды жазбаша түрде жеткізу. Екінші жолы – Құлсары қаласындағы ТШО өкіліне сұрақ қою. Қаламыздағы өкілдікте компанияның 4 негізгі бөлімі қызмет етеді: үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімі, еңбек қатынастары бөлімі, экология бөлімі және жергілікті қамтуды дамыту бөлімі. Сұранысыңызға байланысты сіз қашанда компания өкілдеріне жолығып, сөйлесе аласыз. Егер қандай да бір себептермен қызметкерлермен кездесе алмасаңыз, сұрағыңызды әрқашан арнайы кері байланыс жәшігінде қалдыра аласыз. Кері байланыс жәшіктері бірнеше жерде орналасқан.

Құлсары қаласы - «Шаңырақ» қонақ үйі.

Теңіз к/о - «Шаңырақ» кенті, 1 үй.

Теңіз к/о - «Шаңырақ» кенті, вахта алмасу залы.

Теңіз к/о – ТШО қалашғының асханасы.

Теңіз к/о - Жылыой ауданы әкімдігінің ғимараты, вахталық қалашық.

Теңіз к/о - «Ізбасқан» дүкені, вахталық қалашық.

Төртінші және соңғы әдіс - Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электрондық поштасына хат жіберу немесе 8-800-080-84-88 телефонына қоңырау шалу. Жолдаған сауалыңыз қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сізге ТШО-ның ресми өкілінен растау келуі қажет. Сұратым күрделілігіне байланысты жауап беру 20 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.

Бұрын айтылғандай, бүкіл процесс құпия болып қалады – барлық алынған ақпарат компаниядан тыс жерде жарияланбайды. Жауап сізге жеке жолданады. ТШО-ның пікірінше, дәл осы кері байланыс процесі халық пен бизнестің өзара әрекеттесуін нығайтуға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар, компанияны дамытып, оның жақсаруына ықпал етеді. Ең бастысы, компания өкілдері сіздің сауалыңызға жауабын жолдау үшін, кері байланыс деректері, яғни, мекенжай немесе телефон нөмірін көрсету қажет.

«Бізге мекенжайы, телефон нөмірі, тіпті хат жолдаушының аты-жөні көрсетілмеген хаттар жиі түседі. Өкінішке орай, мұндай жағдайларда біз сұраққа хатпен де, басқаша да жауап бере алмаймыз. Дегенмен, ТШО саясатына сәйкес, сіздің деректеріңіз көпшілікке немесе сіз шағым түсіргіңіз келетін адамға хабарланбайтынын еске салғым келеді. Өйткені, жеке деректердің сақталуы компаниямыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бізге жазыңыз және орын алған бұзушылықтар туралы хабар беріңіз, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды жіберіңіз, біз оларды міндетті түрде қарастырамыз және өз жауабымызды береміз», - деді ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен Аронов. «Біз тұрғындар мен қызметкерлеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз және сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді күтеміз».

Сонымен қатар, қоғамдық консультативтік кеңесті кері байланыс орнатудың жақсы құралы деуге болады. Өйткені, оның негізгі қызметтерінің бірі – халық пен бизнес арасында өзіндік көпір жасау. ҚКК Жарғысына сәйкес аудан активі арасынан іріктеліп алынған ҚКК мүшелеріне келіп түскен барлық жауаптар тұрғындардың назарына жеткізіледі. Сондықтан ұсынысыңыз немесе сауалдарыңыз болса, қоғамдық консультативтік кеңес мүшелеріне кез келген уақытта хабарласа аласыз.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT