ТШО-дағы ең алып кран

Теңіз кенішіндегі өзге темір құрылғылардың бәрі оның қасында ергежейлі боп қалады. Бұл – «Sarens» компаниясы жобалап, жасап шығарған SGC 140 алып краны.

Жер шарының құрлығында осындай 5 кран ғана бар, тшолық алып – сол бесеудің бірі екен. Шындығында да, оның қасына барған адам түгілі , техниканың өзі құмырсқадай ғана боп қалады. Алып кран Жылыой ауданы аумағындағы кенішке 2018 жылдың сәуір айында жеткізілді. 12 апта бойы құрастырылғаннан кейін өткен жылдың 1 тамызында іске қосылды. SGC кранының жүк көтергіш қуаты 3200 тонна болса, ең жоғары жүк тиеушілігі 140 мың тонна-метрді құрайды. Салмақ массасы – 4200 тонна, жоба бойынша 22 жүк көтергіш нүктесі бар, тірегінің диаметрі – 38 метр, яғни 120 метр радиуста 700 тонна жүкті көтеруге қауқары бар.

ККЖ тасымалдау және жүк көтеру жұмыстарының менеджері Билл Майердің айтуы бойынша, алыпты Теңіз кенішіне тасымалдау үшін жергілікті компаниялар да жұмылдырылған. Ауыр жүк көліктері 750 рет қатынаған. Дүниежүзіндегі алып кранды орнату оңай деймісіз! Шетелдік менеджерлер «Sarens» компаниясындағы қызметкерлердің 75 пайызын жергілікті қазақ мамандары құрайтынын айтады. Үшінші буын зауытын салуға осындай алып техникалар да жұмылдырылуда.

С.Тәжіқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521