ТШО 35 оқушыға қысқы киім алып берді

Ауданда «Қамқорлық» акциясы өтіп жатыр. 10 қаңтарда басталған шара 10 ақпанға дейін созылады.

Акцияда тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасыдан шыққан, жетім, мүмкіндігі шектеулі, жартылай жетім оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Жомарт жандардың балаларға деген мейіріміне №18 мектепте болған шарада көпшілік тәнті болды. «Теңізшевройл» компаниясы мектеп оқушыларына қайырымдылық жасаған.

–  Әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларымыздың тізімін алдын ала дайындап, көмек көрсетеміз деген мекемелерге ұсынып отырдық. Сөйтіп, мектебіміздің 35 баласына «Теңізшевройл» компаниясының күрделі жөңдеу бөлімі қысқы киім, аяқкиімдер мен сөмкелерді алып берді,- дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Досжанова.

П.Жауынбай.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521