Аудандық полиция басқармасының жеке құрамы мереке күндері аудан көлеміндегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшірілді. Нұрсая саябағы алаңында басқарма бастығы, полиция подполковнигі Кокалов Ануар Саматұлының қатысуымен гарнизондық сап түзеуі өткізілді.
Жеке құрамға мереке күндеріндегі қызметтік міндеттер пысықталды. Тәртіп сақшылары мерекелік кештерде ауданда қоғамдық тәртіпті күшейтуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға, пиротехника құралдары салдарынан орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алуға және болдырмауға, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет етеді. Мереке күндері жаяу жүргіншілер мен көліктердің саны артады. Сондықтан полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар пиротехника өнімдері салдарынан төтенше жағдайлардың орын алмауы басты назарда болады,-деді басқарма басшысы Ануар Саматұлы.
Сонымен қатар кешкі нұсқаулықта қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, азаматтармен сыпайы қарым- қатынас жасау, тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау, полиция беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу ескертілді.
А.Талапкер



