Төрт түлік торығанға тосқауыл қойылады

Төрт түлік торығанға тосқауыл қойылады
Фото: ашық дерек көзінен

Жылыой десе көп жұрттың көз алдына мұнай мен газ елестейтіні анық. Десек те, өзге аймақтыңхалқы аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласының, соның ішінде малбегіліктің де жақсы дамығанын біле бермейді. Расында да, соңғы жылдары Жем бойында төрт түлік өсірген шаруалардың мал басы өз төлі есебінен көбейіп келеді. Бірақ ата кәсіпті мықтап қолға алған ағайындарды түз торыған ұрылар түнде  ұйқыдан, күндіз күлкіден айырып болды.

    Ауылдағы ағайынның осы бір мәселесін жете түсінген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері биылғы жылдың желтоқсан айының 7-сі мен 10-ы аралығында өтіп жатқан аймақтық «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасына бел шеше кірісті. Қала, кент, ауылдық округтердегі орын алуы мүмкін мал ұрлығын ескерту, оның алдын-алу, осы бағытта бой көтерген қылмыстың ізін суытпай ашу, түз торып, төрт түлікті торуылдап жүрген жеке тұлғаларды анықтау мақсатында өткізілетін бұл шараға бөлімнің барлық жеке құрамы тартылады.

      Шара барысында барлық учаскелік полиция инспекторлары мен криминалды полиция бөлімшесінің қызметкерлері, әсіресе ауыл тұрғындарының арасында болып, мал ұрлығының алдын алу бағытындаәңгімелесу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сол арқылы осы қылмыс түрін «кәсіп» қылған азаматтар мен қылмыстық топтар туралы ақпарат жинауда. Аудан аумағында орналасқан ет қабылдау станциялары, мал базарлар мен мал сою алаңдарын, ет сататын дүкендерді, сауда орындарын және базарларғалокальды тексеру жұмыстарын жүргізеді. Мұндағы мақсат: малды сою және ет өнімдерін сату орындарын, сондай-ақ даярлаушылар мен қайтып сатып алушыларды және сатушыларды анықтау.

   Жедел профилактикалық іс-шараға жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шыққан жол-патрульік полиция қызметкерлері де тартылып отыр. Олар республикалық және халықаралық маңызы бар тасжолдарда құжатсыз, яғни ветеринариялық паспортсыз, арнайы анықтамасыз және сертификатсыз мал алып бара жатқан және ет өнімдерін тасымалдап жүрген көлік иелерін тексеру үстінде.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT