Төрт темір тұлпар тарту етті

Төрт темір тұлпар тарту етті

Маңғаз даланы қысы-жазы көп аралайтын мамандық иесінің бірі – мал дәрігері. Өйткені бірі ойға, бірі қырға орнығып қалған әрбір шаруа қожалықтарының төрт түлігін түгендеп, жұқпалы ауруларға қарсы вакцина салып, ауырса емдейтін де осы ветеринар. Сондықтан түзде табанынан тозып жүрмес үшін темір тұлпар ауадай қажет екені белгілі. Осыған байланысты жақында облыс әкімдігінің қолдауымен аймақтың барлық аудандарына су жаңа автокөліктер алып берілген-ді. Одан жылыойлық мал дәрігерлер де құр қалған жоқ.

Жақында облыстық бюджет есебінен сатып алынған осы көліктер өз иесін тапты. Атырау қаласынан аудандық ветеринария станциясына 4 жаңа темір тұлпардың кілті табысталған-ды. Аудандық ветеринариялық станцияның басшысы Нұрболат Өрбісіновтың айтуынша, жол талғамайтын автокөліктер Құлсары қаласынан шалғайдағы ауылдық округтерге бөлінетін болады.

Қазіргі таңда, аудандық ветеринариялық станцияға қарасты жеті ветеринариялық пункт бар. Олар он жылдан бері жаңа автокөлікпен қамтылмаған екен. Ветеринария станциясы басшысының айтуынша, көліктер қатары алға қарай да толықтырылады деп күтілуде.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT