Жуырда қала әкімі Қадыржан Адинов жергілікті тұрғындарымен
кездесу өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сарапқа салды.
Сондай-ақ күрмеуі қиын күрделі мәселелер төңірегінде жауабын беріп,
оны шешу жолдарын да қарастырды. Жиын N6 жалпы орта білім
беретін мектеп ғимаратында өтіп, соңы жеке қабылдауға ұласты.
Тұрғындар әкімді сұрақтың астына алмастан бұрын қала әкімі Қадіржан
Адинов оларды 2024-2025 жылдар аралығында Құлсары қаласында жүзеге
асқан және әлі де жалғасып жатқан жұмыстармен танысырып, ЛЭД экран
арқылы слайд ұсынды.
Тұрғындар талабы тыңдалды
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 94
