Соңғы кезде Құлсары қаласындағы ықшамаудандарда жастар арасындағы топтасып төбелесу, суық қарудан болған оқиға көпшіліктің ренішін тудырып, мазалауда. Жастар арасындағы құқық бұзушылықты жою жолдары қандай? Бұл туралы жастардың өзі не дейді? Ашық пікірталастың мақсаты – осы сауалдарға жауап іздеу.
Жазықбаев атындағы орта мектептің үлкен залында өткен кездесуді аудан әкімі Азамат Бекет ашты. Алғашқы боп сөйлеген Аян Дүйсембаев жастар мен тұрғындардың ойлары мен ұсыныстарын тыңдауға дайын екендігін айтты. Сол-ақ екен залдағы тұрғындар ықшамаудандағы тәртіпке байланысты сұрақтарын қоя бастады. Тұрғындар «Полиция инспекторлары шақырған уақытта тез келсе», «Таң атқанша жұмыс жасайтын түнгі ойын-сауық орындарына шектеу қойылса, себебі төбелес, қылмыстың көбі сол жерлерде болады», «Арақ-шарап сататын дүкендер, алкомаркеттердің түнде сауда жасауына тыйым салынса» деген, тағы да басқа ойларын ашық айтты.
Толығырақ «Кең Жылой» газетінде.