Біртүрлі дем алып, жанымыз жайланып, әсем ән тыңдап, күмбірлеген күй тыңдап, демалғандай болып, көңіліміз қуанышқа толып, жүрегіміз нұрға толып, рақат сезіміне бөленіп қайтатынбыз. Ал сол тойлардың қызығы мен көрінісі екі-үш күн әдемі әңгіме арқауына айналатын-ды. Кәдімгі домбырамен дем беріп, сырнаймен сызылтып, той қонақтарының өздері ән салып, тойды көтеріп, көтермелеп кететін-ді. Бұл бұрынғы дәстүріміз болатын. Тағы да, бұрынғы тойда үлкендер, соның ішінде ақсақалдар мен аналарымыз тілектерін айтып, жастарға баталарын беретін-ді. Болды, басқа ешкім балпылдап, өмір тарихын айтып тұрып алмайтын. Бұрынғы тойлар қырда болса, ағаш үйде, қалада болса, пәтерлерде өтетін-ді. Сонда қаншама қонақ келсе де күтіп алынып, келіндер, қыздар қызмет көрсетуден жалықпайтын-ды.
Рас, бертін келе палаткаларда өтетін болды тойымыз. Бұның өзінде келіндердің келген қонақтарға құрмет көрсетіп, қызмет етулері де жарасымды көрінетін. Бұл - енді бұрынға тойлар жайлы жалпылама айтарымыз.
Толығырақ Кen JYLOI газетінің 31 қаңтардағы санынан оқи аласыздар...