Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2023 жылғы 10 сәуірден бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарының сатуға шығарылатынын хабарлайды.
TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталары: – массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof және black-proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 3 000 дана, күмістен (нүктелі алтын жалату, бір жақты тотығу және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалған;
Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған монетаның бейнесі (дайындау сапасы proof және black proof)
– массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 3 000 дана, күмістен (нүктелі алтын жалату және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалған;
Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған монетаның бейнесі (дайындау сапасы proof)
– массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 20 000 дана, МН 25 мельхиор қоспасынан тұрады;
Номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған монетаның бейнесі
– массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, дайындау сапасы uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 100 000 дана, МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан тұрады.
Номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған монетаның бейнесі
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы ала алады:
+7 (7172) 77 52 10 e-mail:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ
Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс
және кассалық операциялар бөлімі