2025 жылға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Демография
Аудандағы халық саны 2025 жылғы 1 қыркүйекке (ағымдағы деректер бойынша) 84168 адамды құрады.
Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу
2025 жылғы қаңтар-маусымға қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 894567 теңгені құрады (шетелдік кәсіпорындарды қоса есептегенде). Нақты жалақы индексі 21,2%.
Ұлттық экономика
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 526215 млн. теңге құрады.
Сауда
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 28716,7 млн. теңгені немесе 2024 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 4,3% көбейді.
Экономиканың нақты секторы
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 9697258 млн. теңгені құрады. 2025 жылдың 1 қазанында ауданда барлық шаруашылық санаттары бойынша мүйізді ірі қара саны 21991 бас, қой мен ешкі 102508 бас, жылқы 23407 бас, түйе 13395 бас құрады. Аудан бойынша шаруашылықтың барлық санаттарында (тірілей салмақпен) 3399,9 тонна ет, 2040,6 тонна сүт, 167,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 201061 млн. теңгені немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 44,1% азайып отыр. 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекке пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 61241 шаршы метр, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 76,1% көбейді. Тіркелген заңды тұлғалар саны 2025 жылғы 1 қазанға 965 бірлікті құрады. Осы кезең ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны – 851 бірлік. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте (ШОК) жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 6314 бірлікті құрап отыр. ШОК субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 82,1%, шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 11%, шаруа немесе фермер қожалықтары 6,9% құрады.
Аудандық статистика бөлімі


