ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ТІЛСІЗ ЖАУДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ШАҚЫРДЫ

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды 40 градус ыстыққа байланысты тұрғын үйлер мен пәтерлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жазғы уақыт өрттің күрт өсуімен ерекшеленеді және кез келген ұсақ-түйек, тіпті бөтелке мен әйнектің сынықтары себеп болуы мүмкін. Саяжайларда, үйлер мен қала сыртындағы демалыстарда құрғақ шөптерді, қоқыстарды жағу кезінде отпен абайсызда жұмыс істеу жиі оқыс жағдайларға әкеледі. Сондайды болдырмас үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңызды.

Өрт сөндірушілер құрғақ шөптесін өсімдіктер мен бұталардан тазартуды ұсынады. Қауіпсіздік шаралары ретінде олар учаскелерде су қоры бар контейнерлерді, ал тұрғын үй-жайларды өрт сөндіргіштермен және жеке түтін датчиктерімен жабдықтауға кеңес береді. Сонымен қатар, жеке үйлердің тұрғындары өз аумақтарын жинау кезінде қоқыс пен құрғақ шөпті жағудан бас тартуы керек. Барлық қалдықтар осы үшін арнайы бөлінген жерлерде жойылуы тиіс. Қоқысты өртке қауіпті емес кезеңде, бақылаумен және ол үшін қатаң бөлінген орындарда ғана өртеуге рұқсат етіледі.

Атырауда осы жыл ішінде пәтерлердегі тұрмыстық өрттер жиілеп кетті. Өңірдің ТЖД және өрт сөндіру қызметтерінің мамандары атыраулықтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады.

Қасиет Бахкерейқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521