Тоқсан жасқа дейін 900 мақала жазған (Жанаш Нұрмахан туралы ойлар)

Жанаш Нұрмахан 1922 жылы 4 сәуірде Гурьев облысы Жылыой ауданы, Жем аудандық округі, Айранкөл жерінде туған.

1929-1933 жылдары Айранкөл бастауыш мектебінде, 1933-1939 жылдары Жылыой орта мектебінде білім алып, 1939 жылы Гурьевтің Жамбыл атындағы мектебінің педагогикалық курсын, ал 1954 жылы Абай атындағы педагогикалық институтты сырттай оқып, қазақ әдебиеті мен тіл мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1937-1992 жылдары аудан мектептерінде мұғалім, мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ал 1940-1941 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болған. Жанаш ағамызбен таныстығымыз сонау 1985 жылдан басталған еді. Ол кезде мен ескі Қаратондағы Н.К.Крупская орта мектебінде тарих пәнінен сабақ беретінмін. Жанаш ағамызбен кездескен сәттерімде бір байқағаным, қандай ма жиналыстар мен шаралар болмасын, блокнотын тастамайтын. Кімдердің сөйлегенін, қандай пікірлер айтқандарын түртіп отырады. Зерде түйсігі – жоғары, еске сақтау қабілеті – ерекше.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінде

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521