Тоқсанға «Серпер» толғанда

Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің алғаш шығарыла бастағанына 90 жыл

Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің алғаш шығарыла бастағанына 90 жыл толуына орай мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара ауданға танымал өнерпаз Толыбай Қажыгереевтің орындауында осы газеттің ұзақ жыл бас редакторы болған Таңатар Дәреловтің сөзіне жазылған «Тоқсанға «Серпер» толғанда» атты толғауымен басталды.

Алғашқы құттықтау сөзінде аудан әкімі Нұртаев Қайрат атқарушы биліктің де, баспасөздің де мақсаты бір, ол – жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жасампаз бүгіні мен кемел келешегі үшін бел шешіп, қызмет ету екенін атап өтті

- Журналист – дәстүрлі қоғамдық пікір, халық бағасында мәдениетті, өнегелі, зиялы тұлға. Сондықтан, тәлімі мен тәжірибесі мол аудандық редакцияда талай жылдар еңбек еткен аға-апаларының ізін басқан бүгінгі жас журналистеріміздің алдыңғы аға буынның салған сара жолынан тайынбай еңбек ететініне еш күмән жоқ. Қасиетті мекеннің барлық тыныс – тіршілігінен, арғы-бергі тарихынан, бүгінгі келбетінен бұқараға шынайы ақпарат беріп отырған өңір жылнамасының өрлеу жолдарында редакция ардагерлерінің де еселі еңбектері, айрықша қолтаңбалары жатыр. Сіздердің қаламдарыңыздан туған әрбір мақалалар, түйткілді мәселелер оқырманға ой салмай кеткен емес, - деген аудан басшысы мерейлі күнге орай мерзімдік басылымның байырғы белсенді тілшісі, академик-жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Өмірзақ Қажымғалиұлына, газеттің І санатты тілшісі Айбек Нәжімовке Атырау облысы әкімінің Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ, аудандық газет қызметкерлерін де марапаттады.

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Ысқақ Егембердиев тілегін арнап, алдымен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Құттықтау хатын оқып табыстады. Мерекеге орай арнайы жасалған мерейтойлық медальмен аудандық №2 баспахананың қызметкерлерін, мерзімдік басылымның ардагерлерін, баспасөзге жазылудың белсенділерін, газеттің демеушілерін ұлығылады.

Үлкен экраннан Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың құттықтау лебізі назарға берілді.

Келесі кезекте «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупованың мерекелік баяндамасы тыңдалып, экраннан мерейлі датаға орай түсірілген бейнефильм көрсетілді. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, сөз өнерінің зергерлері Өмірзақ Қажымғалиев, Таңатар Дәрелов аудандық газеттің тоқсан жыл ішінде атқарған істерін, онда қызмет жасаған аға буын өкілдерін еске алды.

А.МЕЙІРМАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521