Тоқаев: Біз арнайы заң қабылдауымыз керек

Президент балалар құқығына байланысты көптеген мәселені шешу қажет екенін айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заң енгізу қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде омбудсмен институты бар. Алайда ол өзінің шамасын әлі де толық көрсете алмады. Сондықтан біз алдағы таңда омбудсмен туралы арнайы заң қабылдауымыз керек", - деді Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президент балалар құқығына байланысты көптеген мәселені шешу қажет екенін айтты.

"Мемлекеттік бақылауды күшейтіп, балалардың қауіпсіздігіне байланысты, суицидтің алдын алып, балалар арасындағы қорлауға қатысты тиімді механизм ойластыру керек", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайды.

tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521