Түнімен көз ілмеді

Биылғы сәуірдің 2-сінен 3-іне қараған түн құлсарылықтардың есінде көпке дейін сақталады. Жем арнасынан асып, қала ішіндегі Құрсай өзегі суға толғалы белсенді азаматтар таң атқанша мігір таппады. Өйткені өзек арқылы толассыз аққан тасқын суы Қамыскөлді толтыра бастады.
Әсіресе Құлсарының Қамыскөл жағалауын мекендеген 8, 9-учаске мен СМП-224 ауылының тұрғындары "бір жағадан бас, бір жеңнен қол" шығарып, өз еріктерімен жағалаудағы бөгеттерді қосымша нығайту жұмыстарына жұмылдырылды. Түнімен тыным таппай қапшық-қапшық топырақ тасыған жігіттер көлдің жағалауының су жарып кетуі мүмкін осал тұстарын бекітумен болды.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521