Өткенді сыйламаған болашақты болжай алмайды

Адам кәрілік жақындаған сайын күйзеліске түсіп, қиналады. Өйткені көпшілік саналы өмірінде қызмет жасап, зейнетке шыққан соң өзін қоғам ысырып тастаған сияқты сезінетіні жасырын емес. Жылдар бойы бейімделген орта, қоян-қолтық сіңісіп кеткен ұйымнан бір күнде сырттап қалған адамның жан күйініші сөзбен айтқысыз.

Кеңес дәуірінде жұмыс жасап, Отанына ерен еңбегімен танылған және бүкіл әлемге танытқан аналарымыз бен апаларымыз көзден бір-бір ұшты. Қазірде олардың көпшілігі бала мен келіннің қабағына қарап, тәуелді болып отыр.

Кезінде тракторшы аналарымыздың арқасында нанға тойдық, елге танылдық. Қыста суыққа тоңып, жазда ыстыққа күйіп, тракторлары бұзылса, оңдап, азап шеккен апа-сіңлілеріміздің жүзін көруге де зар болдық.

Кеңес дәуірінде «Қазақстан әйелдері» журналының сыртында оңтүстіктің батыр аналары, Социалистік Еңбек Ерлері суреттері көздің жауын алып тұратын еді. Сол суреттерді көрген балалар: «Мен де жақсы еңбек етіп, еңбек ері атанам» деген арман туатын еді. Сол журналдарда көрінген, кезінде тер төгіп еңбек еткен азаматтардың аты да аталмайтына жүрегің ауырады...

Толығырақ «Кең Жылой» газетінде

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521