2024 жылғы ақпанда тағы бір мемлекеттік қызмет, атап айтқанда «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметі проактивті форматқа ауыстырылды.
Осылайша, бүгінгі таңда проактивті форматта әлеуметтік-еңбек саласында 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олардың ішіндегі ең сұранысқа иелері:
- жұмыссыз азаматтарды тіркеу (771 мың);
- бала тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау (218 мың);
- бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау (172 мың);
- инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы (мемлекеттік кепілдік) арасындағы айырманы төлеу (177 мың);
- мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау (97 мың).
Сонымен бірге жекелеген қызметтерді түрлендіру және жеңілдету бойынша да жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 30 нозология бойынша мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру жалғасуда. 2024 жылы осындай форматта 97 мыңға жуық өтінім қаралды.
Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдау мүмкіндігі қолжетімді. 2024 жылы 1,1 миллионнан астам тапсырыс орындалды.