ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ ӨҢІРДЕ COVID-19 ЖҰҚТЫРҒАН 4 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Теңіз кенішіндегі ковид

Қазіргі уақытта 85 науқас үй жағдайында емделуде.

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастар Атырау қаласынан және Теңіз кенішінен тіркелген. Коронавирус жұқпасымен науқастанған бір адамда ауру симптомды, үшеуінде симптомсыз түрде өтуде.

Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 4 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 85 науқас үй жағдайында емделуде.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT