Тіршілік көзінің маңызы артты

«Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. - Офшор» (одан әрі ССЕР компаниясы) компаниясы басшылығы және жұмысшылары Дүниежүзілік су қорлары күніне орай Теңіз кен орнындағы вахталық қалашағында сенбілік ұйымдастырды. Оған 33 адам қатысты.

Сенбілікке жиналған жұмысшыларға 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында қоршаған ортаны қорғау бойынша өткен

БҰҰ конференцисында бүкіл әлемде Су ресурсы күнін атап өту идеясы алғаш ұсынылды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы 22 ақпанда қабылдаған шешім бойынша Дүниежүзілік су ресурсы күні 22 наурыз болып жарияланған. Сол сәттен бері бұл мереке әлем бойынша тойланып жүр. Сондай-ақ сенбілік кезінде  тіршілік көзінің біздің өмірізде қаншалықты маңызды рөлі бар екені, оны ысырап етпеу жөнінде мәнді насихат жүргізілді. Сенбілікке мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Ш. Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT