Тілсіз жаумен табанды күрес

Қазіргі уақытта аудан аумағында бөгеттерді нығайту үшін қапшықтарды төсеу, жағалауды бекіту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Құлсары қаласының 19 учаскесінде жағалаулар бекітілді. Бұл жұмыстарға төмендегідей күш жұмылдырды:

1) ЖАО - 30 бірлік техника (13 самосвал, 6 гидромек, 11 тиегіш), 123 адам;

2) ТЖД – 2 бірлік техника (2 Трэкол), жеке құрамның 19 адамы.

3) ПБ – 1 бірлік техника 50 әскери қызметші;

4) 3700 адамнан тұратын еріктілер.

Бүгін қала сыртындағы бес кәсіпкерлік нысаны су астында қалды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ауданда жүріп жатқан жұмыстарға төмендегідей күштер жұмылдырылып жатыр:

1) ЖАО-61 бірлік техника, 110 адам;

2) ТЖД-2 бірлік техника, жеке құрамның 19 адамы;

3) ПБ-3 бірлік техника, жеке құрамның 18 адамы;

4) Ә/Б -50 адам;

5) еріктілер саны 4030 адам. Ақкиізтоғай ауылдық округінде су тасқынының алдын алу үшін 7 шақырым бөгет салынды және 2000 дана қапшықпен бекітілді. Қазіргі уақытта елді мекенді су басу қаупі жоқ.
4 сәуір таңғы сағат 02:22-де Жем өзеніндегі су деңгейі 2,60 метрге көтеріліп, Құлсары қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан Қарағай елді мекенін су басу қаупі төнді. Алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін 38 қызметкер мен 19 бірлік техника (4-Шахман, 2-тиегіш, 1-гидромек (тиегіш-экскаватор), 1-ТРЭКОЛ, 1-автобус, 10-жеңіл автомобильдер) және 30 ерікті жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Қарағай елді мекенінде жағалауды нығайту жұмыстарына 600 дана қапшық дайындалып, 1200 тонна инертті материал төселді. Бүгін сағат 16.00-де «Доссор-Құлсары-Ақтау» республикалық маңызы бар автожолының 101-102 шақырымын су шайды. Ені 1 шақырым, тереңдігі 15 см. Қазіргі уақытта автожол көліктің барлық түрі үшін жабық.

Қазіргі уақытта аудан аумағында жағалауды нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

37700 дана қапшық және 114000 тонна инертті материал бар.

Өз тілшімізден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT