Тілі жоқ ел мемлекет бола алмайды

байқауда осыған көзіміз жетті

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.

kenjina2

Қазіргі таңдағы біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайтып, қоғамымыздың жетекші салаларындағы тілдік қолданысты арттыру. Бұл мәселені шешу жолдары «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқын көрсетілген. Бағдарламаны жүзеге асыру негізгі төрт міндеттен тұрады. Біріншісі – мемлекеттік тілді ұлт бірлігінің басты факторы ретінде нығайту, екіншісі – мемлекеттік тілді кеңінен қолдауды көпшілікке тарату, үшіншісі – дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың басты күш-қуаты екенін көрсету, сондай-ақ соңғы мақсат – Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.

Аталған бағдарламаға сәйкес облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауы өтті. Шараның  мақсаты – қазақ тілін еркін меңгерген мемлекеттік қызмет мамандарын анықтау және ынталандыру. Осылайша, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ресми органдарда қолдану аясын кеңейту. «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауына жергілікті атқарушы органдарының қызметшілерінен құрылған 8 топ қатысты. Әр команданың құрамында 5 мемлекеттік қызметшіден болды. Шарт бойынша қатысушы топтар өзін таныстыру, сала бойынша жұмыс бағытында түрлі ситуациялардан жол таба білу шеберліктермен шағын көрініс көрсету, «Мәңгілік Ел - Мәңгілік тіл» тақырыбы бойынша театрландырылған қойылым көрсету, аудармашылық пен үш тілдің шеберлерін анықтау үшін тапсырмалар орындау, тіл туралы даналық сөздерден, әйгілі ғалымдар мен саяси қайраткерлердің, ұлылардың сөздерін насихаттау мақсатында ой-пікірін ортаға салу бойынша 6 тапсырма орындады.

kenjina1

«Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауына ауданнан Дәулетова Салтанат- аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Орамаханова Айгүл- білім бөлімінің бас маманы, Өмірбаева Назгүл - Құлсары қала әкімі аппаратының бас маманы, Қабесова Айгүл - Жем ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ідірбай Сұлу - Қара Арна ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қатысып, бақ сынады. Ауданнан байқауға қатысқан мемлекеттік қызметшілер өзінің кәсіби шеберлігін, белсенділігі мен ой ұшқырлығын, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, сөздік қоры бай, азаматтық ұстанымы қалыптасқан үміткер ретінде көрсете білді. Сайыскерлер қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды насихаттады. Байқауға қатысқан мемлекеттік қызметшілерді облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы алғысхатпен марапаттады.

Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тіліне көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті.

Ү.Кенжина,

Жылыой ауданы мәдениет және тілдерді

дамыту жөніндегі бөлімнің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521