«Тілдарын – 2018» олимпиадасы өтті

Өткен аптада балалар кітапханасында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Алаш мәдениеті» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудандық «Тілдарын – 2018» олимпиадасы өтті.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген қабілетті жастарды анықтау, үштілділікті дамыту мақсатында өткен олимпиадаға 16-22 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Қатысушылар үш кезең бойынша үш тілде берілген тапсырмалардың мазмұнын ашумен қатар, тіл мәдениеті, эссе жазу, сауатты аударма жасай білудегі деңгейлерін көрсетті.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, І орынды Нұрбол Оңайқұл, ІІ орынды Ризанна Сабырова, ІІІ орынды Аружан Жұбатырова жеңіп алды. Барлық қатысушылар алғысхаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521