Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

Тіл - ұлттың жан дүниесі.

Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадыңда жатталып, бақытқа жеткізеді. Тілдің құдіреті ерекше. Құлсары балалар өнер мектебінде кітапханашы Зәуреш Атағалиева мен сурет пәні мұғалімі Балауса Алтынбекованың ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты ашық шара болып өтті. Шараның негізгі мақсаты - оқушыларға ана тілінің маңыздылығын, тіл адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше құрал екендігін түсіндіру.

Шара жоғарғы дәрежеде өтіп, оқушыларға қазақ халқының қасиетті де қастерлі ана тілі туралы көп мағлұмат беріліп, ана тіліміздің атадан балаға мирас болып қалып отыратын, баға жетпес мұра екендігі түсіндірілді. Оқушылар ана тіліміз туралы көптеген өлеңдер оқып, әр ұлттың билерін билеп, өнерлерін көрсетті. Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті бірлікте өмір сүріп жатқаны, қазақ деген халықтың ешкімді бөліп жармайтындығы, жатсынбайтындығы, жомарттығы туралы айтылды. Шараның соңынан «Тіл тәуелсіздік – тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521