Тігіншілікке тегін оқытуда

«Теңізшевройл» ЖШС-ның қолдауымен «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасы аясында ауданымызда пішу және тігу курсы ұйымдастырылуда.

Аталған ұйымның Атырау қаласы бойынша координаторы Манарбек Тасымов қатысушыларға бағдарламаның негізгі мақсатын таныстырып өтті. Оның айтуынша, бағдарламаға ауданымыздағы 20 әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыссыз жүрген әйел тартылып отыр екен. Барлық қатысушылар - аудандық Жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрғандар. Олар «Шарға» оқу орталығында тәжірибелі мамандардан бір ай бойы тегін дәріс алуда.

Сонымен қатар курс соңында курстан өткен тігіншілер арасында конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаздарды марапаттау жоспарланып отыр. Аталған оқу орталығының басшысы, әлеуметтік кәсіпкер Айгүл Мақтаубаева тігіншілік оқуға ниет білдіріп отырғандарға сабақтың қалай өтетіні және тәртібі туралы түсіндірді. ТШО компаниясының ауданымыздағы өкілі Ғалия Есенова бұл қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы аудан тұрғындары үшін жасалып жатқан жақсы мүмкіндік екенін жеткізді.

-Өткен жылы да біз Жылыой ауданында пішу және тігу курстарын ұйымдастырдық. Ол кезде де 20 адам тігін машинасымен жұмыс жасау, киім тігудің әдіс-тәсілдерін меңгерді. Курс соңында конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Онда Гүлжан Өмірзақова мен Перизат Жанаш тігін машинасына ие болған еді. ,-дейді «Ынтымақ» қоғамдастықты дамыту бағдарламасынының Жылыой ауданы бойынша координаторы Альбина Қожахметова.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521