Тергеу изоляторы тегін маска таратты

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің қызметкерлері тергеуде отырған туыстарына сәлем-сауқат әкелгендерге 100-ден астам медициналық маска таратты.

- Бұл шара – коронавирустық инфекцияның алдын-ала мақсатында жасалып отыр,- дейді УГ-157/1 мекемесі бастығының м.а. Мейірбек УРАЗГАЛИЕВ.

– Коронавирустық пандемия басталғалы бері мекемеде санитарлық талаптар күшейтіліп, мекеме алдына дезинфекциялық тоннель орнатылып, мекеме аумағына маскасыз кіруге қатаң тиым салынды. Өкінішке орай, кейбір азаматтар маскасыз келіп, санитарлық талаптарды сақтамайды. Сол себепті осындай акция ұйымдастырып отырмыз. Медициналық маска тек қана маскасыз келген азаматтар ғана емес, бір масканы ұзақ уақыт тағып отырған келушілерге де үлестірілді. Сондай-ақ, мекемеге демеушілік көмекпен 5000-нан астам медициналық маска, 500-ден астам жеке антисептик және қорғаныш қолғаптары мен костюмдер әкелінген.

Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз-қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, мекемеде 200-ден астам адам сот үкімін күтіп отыр.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика