Теңіз кен орнындағы өрт туралы ақпарат

2021 жылы 5 наурызда сағат 19.30 шамасында Теңіз вахталық қалашығындағы CCER көлік тұрағындағы автобустардың бірінің қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты.

Өртті CCEP компаниясының сигнал беруші қызметкері байқады. Айта кету керек, барлық қызметтік автобустар 19.00-де тұрақ орнына келді және жолаушыларды түсіргеннен кейін жабылды. Бастапқы ішкі тергеу көрсеткендей, сигнал беруші автобустың бірінің артқы жағында орналасқан қозғалтқыш бөлігіндегі түтінді байқады. Нұсқаулық бойынша ол дереу кезекшіге хабарлаған, оқиға орнына ОКҚБ ротасының өрт сөндіру топтары келді.

Қысқа уақыт ішінде сондай- ақ оқиға орнына жедел түрде ТШО өрт сөндіру авариялық-құтқару жасағының (FAS) арнайы техникасының тағы 3 бөлімшесі жетті. Оқиға орнын Теңіз вахталық лагерінің полиция қызметкерлері қоршауға алды. Бірақ екпіні секундына 15-20 метр болатын қатты желдің салдарынан өрт тез арада жақын маңдағы автобустарға жайылды, нәтижесінде жалпы бес автобус өрттен зардап шекті. Сағат 21: 00-де өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірілгеннен кейін бірден өрт орны қоқыстардан және түрлі қалдықтардан тазартылды. Компания қызметкерлері әдеттегідей жұмыс істей бастады.

Сарапшылардың пікірінше өрттің себептерінің алдын-ала нұсқасы:

- автобустардың біріндегі қозғалтқыш бөлігінің сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрттің нақты себебін CCEP компаниясының құрылған жұмыс комитеті ТШО мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге анықталатын болады. Барлық автобустар жөнелтілмес бұрын күнделікті тексеруден өтетінін атап өткен жөн. Сонымен қатар, ТШО талаптарына сәйкес белгіленген мерзімде міндетті техникалық байқаудан өтіп тұрады. -Компания басшылығы осы аздаған ыңғайсыз жағдай үшін жақын маңдағы жатақханадағы жұмысшылардан кешірім өтінеді. Компания үкіметтің құзырлы органдарымен бірлесе отырып өрттің себептерін анықтайды және бұрынғы қалыпты жағдайға көшеді,- деп мәлімдеді компания басшылығы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521