Телефонын тартып алды

Қаладағы көпқабатты ықшамауданда тұратын әйел адам үй шаруасының тірлігімен шапқылап жүріп, «БК-1500» маркалы салқындатқышын дәлізге шығарып қоя салады.

Арада екі сағат өткеннен кейін оны кері кіргізуге оралған пәтер иесі қондырғысын таба алмай, жер сипалап қалды. Қас пен көздің арасында мүлкінен айрылған нәзік жан полиция қызметкерлерінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Ал Теңіз кенішіндегі мердігер мекемеде еңбек ететін бойжеткеннің затын ұры жатын орнына кіріп келіп, көзінше ұрлап кетті. Жәбірленушінің жатақханадағы бөлмесінің есігін сындырып, ішіне енген жас жігіт оны қорқытып, балағаттап, тумбасының үстінде тұрған «Самсунг» маркалы қызметтік телефонын тартып алған. Ұрыдан жәбір көрген бойжеткен ішкі істер бөлімінің Теңіз кенішіндегі бөлімшесіне келіп, жазбаша арызданды. Аталған оқиғаға орай алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр.

Е.Қошақанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521