Технология дамыған сайын...

Қазір сандық технология дамыған сайын ұялы байланыс құрылғысының алуан түрі шыға бастады.

Бұл қалта телефонын көрсе қалтаға түспей тұра алмайтын сұғанақ қолды ұрылардың әбден көз жауын алып болды. Күні бүгін ұрлықтың осы түрінің азаймай тұрғаны да сондықтан.

Таяуда қаладағы екі бірдей сауда орнында бір-біріне ұқсас ұрлық болды. Уақытша дүкенші болып қызмет атқаратын қыз-келіншектердің бірі «Айфон», екіншісі «Самсунг Галакси» ұялы телефондарынан қағылды. Алғашқысы таңертеңгі сағат 8-дер шамасында үстел үстіне қойып кеткен байланыс қондырғысын таба алмай, жер сипалап қалса, соңғысы дүкен ішінен қолды қылды. Сөйтіп жәбірленушілердің бірі 55 мың, бірі 53 мың теңге залал шекті. Күні бүгін ұялы телефонды көрсе ұятты ұмытып кететін ұрыларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521