Техникалық шартқа отырмасаңыз, газ берілмейді

* Сақтық шаралары

«Газ және газбен жабдықтау» туралы ҚР Заңының 19-бабында «Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануына тыйым салынады» делінген. Аталған заңның күшіне енгеніне де жеті жылдан астам уақыт өтті. Заңға сүйенер болсақ, газ жеткізуші ұйым техникалық шартқа отырмаған тұтынушымен газ жеткізу шартын жасамауға, газ бермеуге толық құқылы.

Десек те, «Жылыойгаз» ЖШС осы уақытқа дейін мұндай шараға бармай, тұтынушылардың қарсылықтарын тыңдаумен, техникалық қамту жұмысын жасату газ жеткізушінің емес, заңның талабы екендігін түсіндірумен келеді.

Алайда, тұтынушыларға газ қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары қанша жүргізілсе де, газ жабдықтарына техникалық қамту жұмыстарын жасатуға әлі күнге дейін қарсылық танытып, немқұрайлылыққа жол беріп отырған  тұтынушылар саны азаяр емес. Қарапайым тілмен айтқанда, екі тұрғынның бірі газ жүйесі мен газ жабдықтарына техникалық қамту жұмыстарына шартқа отырып, техникалық қамту жұмыстарын жасатады. Ал, екіншісі, тиісті шартқа отырмайды, не екі арада шарт болса да, техникалық қамту жұмыстарын жасауға барған мамандарға қарсылық білдіріп, қызмет көрсетуге кедергі келтіреді. Онысымен қоймай, айналасындағы тұрғындарды техникалық қамту жұмыстарын жасатпауға үгіттейді.

Қолданысқа енгізіліп, күшіне енгеннен кейін заң бәріне ортақ әрі кесімді. Қызметі халықпен болғаннан кейін газ жеткізуші ұйым тұтынушымен арадағы қатынастың екі жақты келісілген әрі реттеулі болғандығын қалайды. Сол себепті, серіктестік 2019-2020 жылғы жылу беру маусымы аяқталысымен, газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсету шартына отырмаған, техникалық қамту жұмыстарын жасатпай қарсылық білдірген тұтынушыларға газ беруді тоқтататынын алдын ала хабарлайды.

Әр тұтынушының газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсету міндетті шара болғандықтан, техникалық қамту қызметін көрсету үшін үйіңізге баратын мамандарға қарсылық білдірмеулеріңіз сұралады.

«Жылыойгаз» ЖШС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT