«ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІН ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Соңғы айда Құлсарыдағы орын алған қиындықтарға қарамастан, «Теңізшевройл» компаниясының өкілдері жыл сайынғы дәстүрден таймай, Отанын қорғау үшін өмірін қиғандарды еске алып, құрмет көрсетті. Келесі жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толады. Өкінішке орай, Атырау облысында көзі тірі соғыс ардагерлері қалмады. Бірақ, жастайынан қорғанысты нығайтуға көмектескен тыл сарбаздары ортамызда жүр. Қазір біздің ауданда үш тыл еңбеккері бар: Сәнім Өтеғұлова, Сағадат Юсупова және Қоғабай Молдағалиев.

9 мамыр мерекесі қарсаңында аудандағы «Теңізшевройл» компаниясының өкілі Нұрлан Ерғалиев ардагерлердің әрқайсысына 100 000 теңгелік «Лидер» супермаркеттер желісінің және 100 000 теңгелік «Зерде-Фарм» дәріханалар желісінің сертификаттарын табыстап, құрмет көрсетіп, құттықтады.

-Осы есте қаларлық күнде біз аталарымыз бен әжелеріміздің еңбегі мен адалдығын естен шығармауымыз керек. Жастайынан, көбісі өндіріс орындарында туыстары мен жақындарын қорғау үшін майданға кеткен әкесі мен анасын алмастырды. Біз әрқашан қаһармандарымыздың ерлігі, олардың адалдығы мен батылдығын есте сақтаймыз. Өкінішке орай, жыл сайын тыл еңбеккерлерінің де қатары азайып барады. Біз ТШО-да әрбір ардагерді еске аламыз әрі құрметтейміз, сондай-ақ көздерінің тірі кездерінде оларға құрмет көрсетуге тырысамыз. Жыл сайын біз қаһармандарымызды бүкіл облыс бойынша осылай құттықтаймыз, - деді «Теңізшевройл» компаниясының өкілі Нұрлан Ерғалиев.

Ақкиізтоғай ауылында тұратын тыл ардагері Сәнім әжеміз барша Жылыой халқын Жеңіс күнімен құттықтап: «Соғыс болмасын, аспанымыз ашық болсын. Қазақтың ұрпағы көбейіп, болашағы жарқын болғай!»-деп ақ батасын берді. Айта кету керек, қазір облыста 22 тыл тыл еңбеккері қалды.

Арман АРТУРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT