Теңіз тұрғындарын толғандырған не?

Теңіз ауылдық округінде тұрғындармен жиын өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ауданда ауыл тұрғындарымен кездесу жалғасуда. Аудан әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Хайдарұлы қатысып, аудандық мәслихат төрағасы Гүлжаннат Қалиева төрағалық етті. Алдымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Мұратов ауданда жыл ішінде іске асқан және жоспарланған жұмыстардан хабардар етті. Бұдан соң ауыл әкімі Қайсар Мақсотұлы ауылдық округте жасалған жұмыстар легін атап өтті.

– «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Достық көшесіне 35 дана жарық шамдары орнатылды. Теңіз ауылында орналасқан көпірге жөндеу жүргізілді. Қоқыс алаңын қоршау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіліп, «Нұр Гарант» ЖШС-мен келісім шарт жасақталып, тиісті жұмыстары жүргізілуде. Теңіз ауылындағы бұрынғы балабақша ғимаратын қайта жаңғырту үшін жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) жасақтау үшін, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «ASK PROJECT 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасақталып, тиісті жұмыстары жүргізілуде. Теңіз және Дәулет ауылдарынан балалар ойын алаңын салу үшін ЖСҚ сараптамадан өтіп, облыстық бюджеттен қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданды. Ауылдық клубқа 126 орындық жаңа ғимарат құрылысын жүргізу үшін демеушілік негізінде ЖСҚ жасақталып, облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім жолданды, - деді ол.

Ауыл азаматтары сауалдар жолдап, тиісті бөлім жауаптарын берді. Жиын соңында Амангелді Хайдарұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT