Тэд Этчисон аудандық музейді аралады

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Тэд Этчисон Жылыой аудандық өлкетану музейіне ат басын тіреді.

Бір қызығы ол өзі ғана емес, қасына жолдасын ертіп келген. Мұнай компаниясының директоры жергілікті жердің тарихын білгісі келетінін айтып, шежіреге толы мұражай ішін асықпай аралап шықты. Ондағы "Алтын киімді адам" мен қыш құмыраларға ерекше қызығушылық танытқаны байқалады. Қазақтың көне жәдігерлері халқымыздың мәдениетін көрсететінін айтып, үлкен әсер алғанын жасырмады. Экскурсовод жәдігерлерді таныстыру кезінде олар қазақша "керемет", "тамаша" сөздерін айтумен болды.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521