Теңізде Covid-19 індетін жұқтырған бірнеше жағдай тіркелді

Қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны - 84

Осылайша, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 263 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Штаб мәліметінше, жеті науқас та - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, олар 1975, 1991, 1987, 1987, 1988, 1991 жылы туған ер адамдар.

Covid-19 анықталғанға дейін, науқастардың барлығы бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан.

Жұмысшылардан сынама алынып, нәтижесінде олардың да инфекция жұқтырғаны анықталды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2020 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 263 адамға жетті. Ал, қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны - 84.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521