Теңіз кеніші түгел жабыла ма?

ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың сөзіне анықтама

ATPress.kz-тің хабарлауынша, эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Теңіз кеніші жабылуы мүмкін деген ақпаратқа Atameken Business арнасының тікелей эфирінде Қазақстан мұнай-сервис компаниялар одағының Бас директоры Нұрлан Жұмағұлов анықтама беріп өтті.

Теңіз кеніші жабылуы мүмкін деген болжам көпшіліктің алаңдаушылығын туғызғаны рас. Негізінде бұл арада ТШО Келешек Кеңею жобасындағы құрылыс жұмыстары (бюджеті 38 млрд доллар болатын) жайында сөз болды. Жоспар бойынша 20 мыңнан астам адам қамтылатын құрылыс осы 2020 жылдың еншісінде еді. Кеніште барлығы автоматтандырылғандықтан, мұнай өндіру процесі тоқтамайды, - деп түсіндірді Н.Жұмағұлов.

Естерңізге сала кетейік, кеше ғана ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері вирус жұқтырғандардың саны күрт артса, Теңіздің жабылуы мүмкін екендігін айтқан еді.

Ж.Әбдікәрімова

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521