Теңіз кенішіне жұмысқа шақыру жалғасуда

Халық арасында түсінбеушілікер туындап, сантүрлі қауесеттер тараған еді

Еліміздің барлық аумағында Төтенше жағдай жарияланып, Жылыой ауданында орналасқан көптеген мекемелер уақытша жұмысын тоқтатуға, жұмысшыларын қысқартуға және оларды белгісіз уақытқа дейін ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Бұл өз кезегінде көптеген жергілікті тұрғындардың материалдық жағынан қиыншылықтар туындап, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқты.

Халық арасында түсінбеушілікер туындап, сантүрлі қауесеттер тарады. Алайда, Жылыой ауданы әкімдігі кезек күттірмейтін шешімдер қабылдап, дер кезінде Теңіз кен орнында орналасқан ірі компаниялар басшыларымен келіссөздер жүргізіп, жергілікті тұрғындарды бірінші кезекте жұмысқа шақырту жөнінде талапты уақытылы қоя білді.

Теңіз кен орнында орналасқан ірі компаниялар басшыларымен "ТШО" ЖШС-нің басшылығының қатысуымен бірнеше рет кездесулер ұйымдастырылып, нәтижесінде қызметтері басталған компаниялар жергілікті тұрғындарды жұмысқа шақыртуда. Сондай-ақ, аудан әкімі Х.Жамаловпен "ТШО" ЖШС-нің және ірі мекемелердің алдына қойған талаптардың орындалуын қадағалап, бақылауды жүзеге асыру мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығымен мекемелерді аралау күнделікті жүргізілуде. "ТШО" ЖШС-і басшылығы өз кезегінде мердігер мекемелердің жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуын бақылауға алды.

Жылыой ауданы әкімдігімен Теңіз кен орнында орналасқан мекемелердің бос жұмыс орындары туралы ақпараттары күнделікті бақыланып, қадағаланып тұрады. Аудан әкімдігінің алдына қойған басты мақсаты ол халықтың денсаулығын жақсарту, тұрғындардың әл ауқатын көтеру және осыларды жүзеге асыруда барлық заң аясында жұмыстарды жоғарғы деңгейде ұйымдастыру болып табылады.

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521