Теңіз кенішіне 120 жұмысшы орнына сұраныс түскен

Теңіз кенішіндегі 22 ірі мердігер мекемемен кездесу өткізілді

Елімізде әлем халқын алаңдатқан COVID-19 вирусының таралуына байланысты ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимі жарияланғалы ауданымызда көптеген мекемелерде жұмыс көлемі азайып, Теңіз кенішіндегі бірнеше жұмысшылар үйлеріне демалысқа жіберілген болатын. ⠀

Осы жағдайларды ескере келе аудан әкімдігі тарапынан мекемелер арасында жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 5-ші жəне 28 тамызында аудан әкімінің ұйымдастырумен «Теңізшевройл» ЖШС-нің басшылығының және Теңіз кенішіндегі 22 ірі мердігер мекемелермен өткізілген кездесуде: бос жұмыс орындары туралы мәліметті аудандық жұмыспен қамту орталығына ұсыну, вахталық ауысым кезінде жергілікті қызметкерлерге басымдылығын беру, мекемеде еңбек қатынастар мамандарының басқа өңірден болғандықтан, сол өңірдің жұмысқа қабылдануы басымдылықты жою және Жылыой ауданы бойынша 976 үйлерінде шақыртылмай жатқан жұмысшыларды жұмысқа кері шақырту талабы қойылды. ⠀

Өткізілген жиынның нəтижесінде күні бүгінге «Сенімді құрылыс» ЖШС, «ЮСС Суппорт Сервисез» ЖШС, «Сичим» ЖШС, «Денхолм Жолдас» ЖШС, «Бонатти» ЖШС, «Өмірзақ Сервис» ЖШС-і жəне т.б. мекемелерде үйлерінде жатқан 414 жұмысшыларды жұмысқа кері шақыртылды. Жұмысқа шақырту мəселесі əлі жалғасуда. Сондай-ақ «Сенімді құрылыс» ЖШС, «ЮСС Суппорт Сервисез» ЖШС-нен жаңадан жұмысқа қабылдауға 120 орынға сұраныс түсіп, оған жұмыссыздық есебінде тіркеуде тұрған жұмыссыздардың тізімі жолданды. ⠀

Заң талаптарын орындамаған, яғни бос жұмыс орындарын орталыққа түсірмей əлеуметтік желілерге жариялаған 5 мекемені Атырау облыстық Еңбек инспекциясына тексеруге жолданды. Алдағы уақытта атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер әлеуметтік желілерде жарияланатын болады жəне осы жоғарыда аталған жүргізіліп жатырған жұмыстар үнемі аудан əкімінің бақылауында.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521