Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды

Теңізден барлығы 17000-нан астам адам шығару жоспарланып отыр

​ «Бұл науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандар және байланыс жасағандар» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб. ​

Еске сала кетелік, 16 сәуірден бастап, Теңіз кенішінен шұғыл емес персоналдарды шығару басталған болатын. Тұтастай алғанда 17 000-нан астам жұмысшыны шығару жоспарланып отыр.​ ​

«Олардың арасында 6 000 нан астам жұмысшы Атырау облысының,​ 2 000 нан астамы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының,​ 600 ден астамы Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалған қызметкерлер Қазақстанның өзге де өңірлерінен келген мамандар» деп нақтылады Шұғыл штаб. ​

Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам жұмысшы шығарылды. Оның ішінде​ 4 мыңға жуық​ жұмысшы әуе жолымен,​ 3 мыңға жуық жұмысшы теміржол қатынасымен,​ 3 мыңнан астам жұмысшы автобус көлігімен тасымалданды. Қалған жұмысшыларды шығару процесі​ 5 мамырда аяқталады​ деп күтілуде. ​

Бүгінгі таңда Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында қауіпті дертке шалдыққандар саны 71 адамға жетті. 12 жұмысшы жазылып шықты.​

Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған​ 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды. Оның ішінде 847 адам жақын қатынаста,​ 718 адам байланыста болған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521