Теңіз кенішінің 24 жұмысшысы коронавирустан айықты

Облыста COVID-19-дан жазылып шыққандар саны 1088-ге жетті

Осылайша өңірде қауіпті дерттен айыққандардың саны 1088 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 21 маусым күні Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 24 адамның жазылып шыққаны белгілі болды.

- Он тоғыз ер адам мен бес әйелге жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен. Олардың барлығы инфекциялық стационардан шығарылды, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, бүгінде облыста коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандардың саны 1088-ге жетіп отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз