«Теңізшевройл» «Парыз» сыйлығына ие болды

Теңізшевройл (ТШО) жылдың үздік әлеуметтік жобасы үшін «Парыз» байқауының  арнайы сыйлығына ие болды. Желтоқсан айының бас кезінде Астанада марапатты табыс ету салтанаты өтті. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ерұлан Жамаубаев ТШО өкілі, бас директордың орынбасары Көңілқош Сүйесіновке аталған сыйлықты табыстады.

            «Парыз» сыйлығы Атырау облысында «Игілік» әлеуметтік  инфрақұрылымдық  және ТШО әлеуметтік   инвестициялар  (ӘИБ)  атты  екі ерікті бағдарламаны жүзеге асырғаны үшін берілді.  Сыйлықты табыстау рәсімінде  ұйымдастырушылар компанияның  облыстың әлеуметтік  және инфрақұрылымдық  дамуына  қосқан үлесін атап  өтті.

             Бағдарлама аясында  11 жылда 94  жоба жүзеге асырылды. Ал 2022 жылы компания әлеуметтік инвестициялық бағдаламаларды жүзеге асыру үшін 2,3  миллион доллар бөлді. Осы қаражат  көмегімен үкіметтік емес ұйымдар  Атырау облысында, оның ішінде Жылыой ауданында  14  жобаны жүзеге асырды. Олардың ішінде Гүлназ Қосмурзиеваның  «Біз де адамбыз»  ҚҚ жобасы, қазақстандық өнертапқыш Ғалымжан  Ғабдірешовтың  жетекшілігіндегі  «Сезуал» МҚБ жобасы, сондай-ақ  Орталық Азияның қорының  «Қоғамдық кеңістіктер»  және басқа да көптеген жобалар.

            Жыл сайын 25 млн доллар бөлінетін «Игілік» ерікті әлеуметтік  инфрақұрылымдық  бағдарламасы сонау 1999  жылы енгізілген болатын  және оның негізгі мақсаты Атырау облысында мектептер, балабақшалар, ауруханалар және т.б. әлеуметтік маңызы бар нысандар салу болып табылады.  Аталған  бағдарламаны  жүзеге асыру кезінде 100-ден астам нысан салынып, нәтижесінде үш мыңнан астам қосымша жұмыс орындары ашылды.  Биылдың  өзінде Құлсары қаласында сыйымдылығы 3000 адамдық орталық стадион пайдалануға берілді.

            -Компанияның  басым бағыттарының бірі – тұрып жатқан және қызмет ететін өңірдің әл-ауқатын арттыру.  Бұл бағытта Жылыой  өңірінің  алатын орны ерекше. Өйткені ауданда 10 мыңнан астам қызметкеріміз  бен олардың  отбасылары  тұрады. Сондай-ақ,  Жылыойда  40-қа жуық мердігер  ұйым  тіркелген, - деді «Теңізшевройл» ЖШС-нің  үкіметпен және  жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері  Дәрмен Аронов.- «ҮЕҰ»  серіктестеріміз жүзеге асырып жатқан  14  жобаның  10-ы Жылыой ауданында  іске асырылуда.  Серіктестеріміздің  жетістігін  ерекше атап өткім келеді – Құлсарыда иппотерапия  сеанстарынан өткен  ерекше бала өз бетімен  жүре  бастады, ауылдарда тұрғындар «Қоғамдық кеңістіктер» жобасы аясында  30-дан астам  қоғамдық  демалыс  орындарын  өз күшімен  салды және  бұл бір  ғана мысал емес.

            Айта кететін жайт, ТШО осыған дейін 2011 жылы «Парыз» сыйлығының Гран-При жүлдесіне ие болған.  Одан  бөлек  2009  жылы «Үздік ұжымдық шарт» номиниациясының алтын  жүлдегері, 2008  жылы «Үздік әлеуметтік жоба»  номинациясының  күміс   жүлдегері атанды.

Ш.Хамитова

           

           

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT