Теңіздегі жұмысшылардың балалары арасында сурет сайысы өтті

«Қоршаған ортаны қалай қорғаймыз?»

Қоршаған орта – ол біздің өмір сүру ортамыз, ал оның табиғи қалпының сақталуы, оның тазалығы және оған деген қамқорлық адам дүниеге келіп, оңын солын қарағаннан кейін ата-ананың бағытымен қалыптаса түсетіні сөзсіз. Ортаға келетін зиянды болдырмас үшін, орын алған жағдайда оны қалай қорғау үшін, бағытталған іс-әрекеттер балалық шақ кезінен басталады.

ССЕР компаниясы Жылыой жерінде 2014 жылдан бері «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 3 буын зауыты құрылысын салушы мердігер компаниялардың бірі. Осы уақыт ішінде компанияда, жылыойлықтармен бірге еліміздің түкпір-түкпірінен 10 мыңдаған қазақстандықтар кеніштегі құрылыс жұмыстарына тартылып, 100-ден аса жергілікті шағын бизнесте өздерінің тәжірибелерін шыңдай түсіп, ел экономикасының дамуына үлестерін қосуда.

ССЕР шетелдік компания бола тұра, әрқашан өз қызметі аумағындағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайларын назардан тыс қалдырған емес. Бұл тұрғыдағы берілген көмекті, осы аудандық газет арқылы Жылыой халқына таныстыруға тырысып келеміз. Теңіз кенішінде миллиондаған тонна мұнай мен газ өндірілгеннен кейін, оның қоршаған ортаға тасталатын зияны да болатыны айтпаса да түсінікті. Алайда, осы ортаны келешек ұрпаққа қалай сақтаймыз, бүгінгі күні қандай іс-әрекет жасалуы қажет, ол бүгіннен басталуы керек. Бұл жердегі балалардың ой-пікірімен санасу, оларды ынталандыра отырып, бағыт беру алғы буынның ұстанымы болуы тиіс. Осы бүкіл Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ССЕР компаниясы басшылығы «Қоршаған ортаны қалай қорғаймыз?» атты компания қызметкерлері балаларының арасында онлайн сурет сайысын ұйымдастырды.

Қатысушылар екі топта: бірінші топ - 1-4 сынып, екінші топ - 5-7 сынып аралығындағы оқушылардың қатысуымен өтті. Алдын ала жұмысшыларға хабарландыру болып, ата-анасының компанияда жұмыс жасайтынын анықтайтын құжаты, оқушының сол сыныпта оқитындығын растайтын құжатпен қатар «Қоршаған ортаны қалай қорғаймыз?» тақырыбындағы суреттер электронды пошта арқылы алынып, арнайы құрылған комиссиямен сараланып, 5 маусым күні қорытындыланды.

Конкурсқа 50-ге тарта балалардың ұсынған суреттері сараланды. Қатысушылардың ешбірі сыйсыз қалмады. Бұл атаулы күнге байланысты 5 маусым күні сағат 15.00-17.00 аралығында компания қызметкерлері компанияға қатысты Теңіз кенішіндегі жатақханалар және базалар маңдарына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл акцияға 70 жуық компания қызметкерлері атсалысты. Акциядан кейін сурет салушылардың жұмыстары комиссия мүшелерімен сараланып, баға берілді.

Теңіз кен орнында жоба директоры Николас Стюарт, ал Атырау қаласында компания директорының орынбасары Амин Муштаха баршаны 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Қоршаған ортаны қалай қорғаймыз?» атты компания қызметкерлері балаларының арасындағы суреттер сайысына қатысушылар ата-аналарын атаулы мерекемен құтықтап, болашақ осындай атамекен табиғатын қорғау болашақтан осындай іс-әрекеттерден басталатынын тілге тиек етіп, жастарға үлкен сеніммен қарайтынын жеткізді.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Конкурс жеңімпаздары мен жалпы қатысушылардың салған суреттері компания асханалары мен әкімшілік ғимаратының арнайы тақтайшада тұратын болады. Бұл жердегі негізгі мақсаттардың бірі - компания қызметкерлерінің жұмысқа ынтасын арттырып қоймай, олардың балаларына деген қамқорлығы, тәрбиесі, сол арқылы қоршаған ортаны қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастыру, елге, туған жерге деген патриоттық сезімді ояту деп түсінеміз. Жақсы істеріміз көп болсын ағайын.

Орақ Бисембиев, ССЕР компаниясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521