Теңіздегі ұрлық

Таяуда аудандық ішкі істер бөлімінің Теңіз кенішіндегі полиция бөлімшесіне сол өндірістік аймақта жұмыс жасап жатқан бір компания басшысы шағымданды.

Оның айтуынша, кешкі сағат 21.00-дер шамасында қарауындағы қызметкерлер өздерімен мердігер мекеме ретінде әріптестік қарым-қатынаста жұмыс жасап жүрген бір серіктестік жүргізушісінің автобусын тексерген. Нәтижесінде 54 жастағы азамат басқаратын көліктің ішінен ешқандай сілтеме құжаты жоқ 36 дана 1 литрлік сүт пен 24 дана шай қораптары, 23 дана «Жаңа қаптама құмшекері», бір орама қағаз шүберек, жұмысшы комбинезондары, жүк байлайтын арқан және серіктестікке тиесілі 40 литр дизель отыны табылған. Соның кесірінен мекемеге 100,147 теңге көлемінде залал келтірілді. Дәл осыған ұқсас оқиға Құлсары-Сарықамыс тасжолының Теңіз вахташылар поселкесі тұсында да орын алды. Полиция қызметкерлері күдік туғызған «ВАЗ» автокөлігін тоқтатып, тексерген-ді. Тәртіп сақшылары көлік ішінен ешқандай құжаты жоқ бетперде, былғары мен резеңке қолғап, бір рет пайдаланатын алты дана комбинезон, шай қораптарын, кіржуғыш ұнтақ пен қоқыс салатын қаптар тауып алды. Аталған деректерге байланысты тексеру жұмыстары жүргізілу үстінде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521