Теңіздегі инфекциялық стационарда 9 адам ем қабылдауда

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 7 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 7 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастар Атырау қаласынан, Теңіз кенішінен және Жылыой, Құрманғазы аудандарынан тіркелген. Коронавирус жұқпасымен науқастанған үш адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.

Сондай-ақ, өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 4 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 75 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 31 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 9 адам ем қабылдауда.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521