Теңіздегі инфекциялық стационарда 46 адам ем қабылдауда

Теңіздегі инфекциялық стационарда 46 адам ем қабылдауда

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 17 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 17 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың үшеуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 11 жұмысшыдан, Жылыой, Индер, Құрманғазы аудандарынан бір адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 6-ында ауру симптомды түрде өтіп жатыр. Өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 3 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 153 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 36 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 7, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 46 адам ем қабылдауда.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз